$ 487.37  532.94  5.09

Әл-Фараби ғылым хақында

Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фараби энциклопедиялық дарынының арқасында философиялық, әлеуметтік, саяси, этика-эстетикалық мәселелермен бірге жаратылыстану, математика салаларындағы ауқымды дүниелерді шешкен ғалым.

Қызылорда қаласына қарасты қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №11 Талдыарал ауылдық кітапханасы Әл-Фарабидің 1150 жылдыған орай «Әл-Фараби ғылым хақында» атты онлайн шолу өткізді.

Шолу барысында Шығыс ғұламасының ғибратты өмірі, ғылым жолындағы ерен еңбегі туралы айтылды. 

«Әл-Фарабидің толық есімі –  Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки. Оның есіміндегі «тархан» сөзі ғұламаның дәулетті отбасынан шыққандығын білдіреді. Ойшыл дүниеге келген Фараб қаласы IX-X ғасырларда саяхатшылар мен саудагерлерді қызықтырған ұлы Жібек жолының бойындағы ірі саяси, мәдени және рухани орталық, керуен жолдарының торабы болды. Әбу Насыр 20 жасына дейін өзі өмір сүрген Фараб қаласында ғылыми білімнің негізін алды. Мұнда ғұламаның Отырар қаласының кітапханасындағы философиялық және ғылыми еңбектермен танысуға мүмкіндігі болды. Отырар кітапханасы кейбір ғалымдардың пікірінше сол кездегі атақты Александрия кітапханасынан кейінгі ең бай және кітап пен қолжазбалар саны бойынша әлемдегі екінші кітапхана болды. Ер жете келе Әл-Фараби Бұқараға, Самарқандқа, Шаш қалаларына барып біраз уақыт оқып, еңбек етті. Білімін ары қарай жалғастыру үшін Әбу Насыр Араб халифатының мәдени және саяси орталығы болған Бағдат қаласына барды. Дәл осы жерде әйгілі аудармашылар мектебі жұмыс істеген болатын. Ол жақта Әл-Фарабидің тәлімгерлері болды. Сол арқылы Әл-Фараби ондаған тілдер мен диалектілерді меңгерді. Ол түрік, араб, грек, парсы тілдерін жетік білген. Мұның дәлелі – ғалымның жазған еңбектері. Әбу Насыр Әл-Фараби Аристотельдің және Платонның еңбектеріне жазылған түсіндірмелердің авторы. Осыған орай Әл-Фараби аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанды. Шығыс ғұламасы Аристотельдің «Риторика», «Логика», «Поэтика» сияқты бірқатар еңбектеріне түсіндірме жазды.

Әл-Фарабидің төл туындыларының ішіндегі ең танымалы – «Даналық маржандары», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Философиялық трактаттар», «Музыка туралы кітап» және «Ғылым туралы кітап» шығармалары», - делінді онлайн шолуда. 

Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фараби энциклопедиялық дарынының арқасында философиялық, әлеуметтік, саяси, этика-эстетикалық мәселелермен бірге жаратылыстану, математика салаларындағы ауқымды дүниелерді шешкен ғалым.

Ғұламаның әлемдік ғылымның даму тарихында өзіндік бағасын алып, адамзат пен табиғат арасындағы құштарлықты арттыруға зор ықпалын тигізгені сөзсіз. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әлФараби