$ 443.35  475.54  4.82

Тоқаев жаңа агенттік басшысының орынбасарларын тағайындады

Президент өкімімен Рустам Ахметов бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа агенттік басшысының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

"Президент өкімімен Рустам Ахметов бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал Марат Омаров пен Болат Сәмбетов Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқаратын болады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Болат Сәмбетов бұған дейін ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы қызметін атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары