19 қазанда Атырау қаласы әкімдігіне қарасты Ақжар ауылының тұрғыны отбасылық жанжал кезінде туған бауырын өлтірген. Бұл туралы azh.kz хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, ағайындылар арасындағы жанжал жеке үйлердің бірінің ауласында болған. 29 жастағы ағасы 24 жастағы інісіне бірнеше рет пышақ жарақатын салып, нәтижесінде бауыры оқиға орнында көз жұмған.
Редакцияның хабарлауынша, інісін өлтірген күдікті қамауға алынған. Мәселенің мән-жайына қатысты Атырау облысы Полиция департаменті қосымша хабарлайды.