21.10.2020, 16:40

Азамат Әмрин ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Фото: primeminister.kz
Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Әмрин Азамат Кемеңгерұлы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист-менеджер, құқықтану бакалавры.

Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады. 1997 жылдан 2008 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарды.

2008-2011 жж. — СҚО Шал ақын ауданының әкімі.

2011-2012 жж. — "Амрин К.К." шаруа қожалығының менеджері.

2013-2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары.

2015 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры болып еңбек етті.