Демалыс күндері елордадағы сауда орталықтарының қайта ашылатын күні эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.
"Әзірге эпидемиологиялық жағдай келесі демалыс күндері сауда орталықтарын ашуға мүмкіндік бермейді. Қазір бізде жеңілдік жасауға мүмкіндік жоқ, COVID-19 жағдайларын тіркеу жалғасуда. Мәселен, кеше 29 жағдай балалар арасында да, ересектер арасында да тіркелді. Көбінесе олар симптомды түрімен ауырады. Сондай-ақ аурудың алдыңғы аптамен салыстырғанда өсуі байқалады. Бүгін, бесінші күні, елорда "жасыл" аймақта тұр, осы көрсеткіштер 14 күн бойы сақталғаннан кейін ғана жеңілдету туралы айтуға болады", - деп түсіндірді Пірәлиева.