$ 495.2  522.34  4.94

Атырау облысында әйел жаңа туған сәбиін көшедегі дәретханаға тастаған

Нәрестені жергілікті тұрғындардың бірі тауып алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтароваға сілтеме жасап.

― Кеше, 23 шілде күні сағат 17.30-да Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылының тұрғынынан оның ауласындағы дәретханадан пакетке салынған жаңа туған нәрестенің табылғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына полицейлер келіп, деректі растады, ― деді Мұхтарова.

Полицейлер дәрігерлермен бірге сәбиді дәретханадан алып шықты. Кейін еш жерде жұмыс істемейтін 33 жастағы әйелдің өз үйінің сарайында босанғаны анықталды. Ол шарананы полиэтилен пакетке салып, дәретханаға тастаған.

Сәби қыз бала екен, салмағы - 2,7 келі. Қазір ол анасымен бірге аудандық ауруханаға жатқызылды. «Қауіпте қалдыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары