$ 494.87  520.65  4.91

«Асыра сілтеу болмасын»: Президент әкімдер сайлауы туралы маңызды мәлімдеме жасады

Әкімдер сайлауы ел тарихында алғаш рет өтеді және тиімді мемлекеттік институттарды құру жолында маңызды қадам болады.
Фото: адырна
Фото: адырна

Қазақстанда сайлау жүйесін ары қарай дамыту қажет. Бірақ асыра сілтеу болмасын, науқаншылыққа жол бермеу керек, деп мәлімдеді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Елімізде басталған реформалардың маңызды бөлігі – ауыл округтерінің әкімдерін тікелей сайлау. Шын мәнінде, бұл барлық саяси жүйені жаңғыртудың негізі болып саналады. Әкімдер сайлауы ел тарихында алғаш рет өтеді және тиімді мемлекеттік институттарды құру жолында маңызды қадам болады", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде үлкен дайындық жұмыстары атқарылды. Биыл барлық ауыл округінде төртінші деңгейдегі бюджеттер енгізілді. Осыған орай, 80 мыңнан астам жылжитын және жылжымайтын мүлік тіркелді. Бұған дейін оған салық салынбады. Бұдан бөлек, министрліктердің ақпараттық базалары қосылды. Ауыл әкімдерінің аппаратында жұмыс істейтін 3,5 мыңнан астам қызметкер арнайы дайындықтан өтті.

"Осы шаралардың бәрі жергілікті жердегі басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеріп отыр. Меніңше, сайлау жүйесін ары қарай дамыту қажет. Бірақ асыра сілтеу болмасын, науқаншылыққа жол бермеу керек. Қазақстанның саяси трансформациясы бұл бір сәттік, ал, ең бастысы, популистік акция емес. Бұл реформаның стратегиялық маңызы бар. Себебі Қазақстанды демократиялық әрі өркенитті мемлекет ретінде дамытуға бағытталған", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары