22.10.2020, 20:00

Тоқаев пен Путин Көкшетауда кездесетін болды

Омбы сауда-өнеркәсіптік палатасының сайтында шара 12-13 қарашада өтетіні жазылған.

Қазақстан мен Ресей президенттері қараша айында өңіраралық ынтымақтастық форумында кездеседі. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сыртқы істер министрлігі хабарлады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Көкшетауда өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр", - деді сыртқы істер министрлігінде.

Бұған дейін он жетінші Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы Көкшетауда өтетіні хабарланған болатын. 2020 жылы форум экология мәселесіне арналады. Тақырыпты Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.

Омбы сауда-өнеркәсіптік палатасының сайтында шара 12-13 қарашада өтетіні жазылған.

Алғашқы өңіраралық форум 2003 жылы Ресейдің Омбы қаласында өтті. Сол кезден бастап шекаралас өңірлерде кездесу дәстүрге айналды.

Ақмола облысы форумды өткізетін Ресеймен шекаралас емес алғашқы аймақ.