23.10.2020, 04:09

Қазақстанда төсек қатынасына рұқсатты Egov арқылы рәсімдеу ұсынылды

Фото: tengrinews.kz
Сондай-ақ, оларда төсектегі серіктесінің сұрақтарына жауап беріп, тиісті қатарды (классикалық, мүшеқап пен ойыншық пайдалану арқылы және т.б) таңдауға мүмкіндік бар.

Қазақстанда төсек қатынасына рұқсатты Egov арқылы рәсімдеу ұсынылды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы nur.kz-ке сілтеме жасап.

Қоғам қайраткері және жерлесіміз Аида Джексон Egov базасында жыныстық актіге электронды келісім енгізуді ұсынды деп жазады 7152.kz сайты.

Аталған ақпарат әлеуметтік желіде лезде тарап үлгерді. Басылым ақпарынша, ол Facebook желісінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Бағдадқа Қазақстанда жыныстық қатынасқа электронды келісім енгізу бойынша озық жобаны бастау ұсынысымен жазба жариялаған.

"Осыған дейін жазғанымдай, Швеция төсек қатынасына серіктесінен рұқсат алуды міндеттейді. Олай болмаған жағдайда, жыныстық қатынас автоматты түрде зорлау болып есептеледі. Яғни, ұйықтап жатқан адамдарға, мастарға мүлде тиісуге болмайды. Кінәлі адам бірден түрмеге жабылып, мансабымен қоштасады. Рұқсатты нақты жасқа жеткен серіктес қана бере алады. Оларда 15 жастан басталады. Қазақстан осындай заңды одан әрі жетілдіріп, жыныстық актіге электронды келісімді енгізген алғашқы ел бола алады", -деп келтіреді Аиданың сөзін 7152.kz.

Басылым дерегінше, Джексон жүйенің қарапайым болу қажеттілігін жазған. 16 жасқа толған әрбір қазақстандық Egov порталында электрондық келісімді растай алады.

Сондай-ақ, оларда төсектегі серіктесінің сұрақтарына жауап беріп, тиісті қатарды (классикалық, мүшеқап пен ойыншық пайдалану арқылы және т.б) таңдауға мүмкіндік бар.

Джексон рұқсатты рәсімдеуге 30 секунд қана кететінін жазды дейді басылым. Ал егер серіктесіңіз келісімді 5 минут ішінде растамаса, сұраныс жойылады.