$ 494.87  520.65  4.91

Ғарыш капсуласы Қарағанды облысына қонды

Ғарышкерлер жерге түскен соң, бірден Мәскеу облысындағы арнайы орталыққа аттандырылды.

Қарағанды облысына ғарыштан оралған ресейліктер пандемияға байланысты әдеттегідей сый-құрметке бөленбеді. Жезқазғаннан 150 шақырым жерге капсуламен түскен «Союз МС-16» ғарыш кемесінің экипажы шұғыл түрде еліне жөнелтілді, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Капсуладан алдымен экипаж командирі Анотолий Иваншин шығарылды. Одан соң инженерлер Иван Вагнер мен Кристофер Кессиди шыққан. Бәрінің де денсаулығы жақсы. Ғарыш экспедициясында жеті ай жүргендер медицина, ғарыштық биология және физико-химиялық процестерге сараптама жасапты. 

Ғарышкерлер жерге түскен соң, бірден Мәскеу облысындағы арнайы орталыққа аттандырылды. Пандемияға байланысты оларды күтіп алғандардың да қарасы азайған. Ғарышкерлер әзірге індеттен аман екенін растайтын анықтама алған жақындарымен ғана кездесе алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ғарыш