$ 444.14  477.05  4.85

Ақтөбеде тағы 4 лаңкестің көзі жойылды

Ақтөбеде лаңкестерді ұстау операциясы барысында 4 содырдың көзі жойылды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК басасөз қызмтіне сілтеме жасап.

Қазақстанның антитеррористік орталығы Ақтөбеде іздеуде жүрген лаңкетердің көзі жойылғандығын хабарлаған.

"Шұғыл іздестіру жұмыстары барысында Некрасов көшесі бойындағы үйлердің бірінде іздеуде жүрген лаңкестердің жасырынып жатқаны анықталды. ҰҚК мен ІІМ-нің арнайы жасақтары пәтерді қоршап, бекіту жұмыстарын жүргізді. Қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, көрші тұрғындардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылды", - делінген аталған хабарламада.

Анықталғандай, лаңкестер өз еріктерімен берілуге көнбепті және күштік құрылым өкілдеріне қарай оқ атқан. Арнайы жасақ пәтерге күшпен кіріп, іште болған 4 содырдың көзін жойды. Бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары