$ 443.85  474.3  4.8

Қайрат Сатыбалдыұлы AllurGroup компаниясының тәуелсіз директоры болып тағайындалды

Қазақстандағы ең ірі автоөндіруші компанияның директорлар кеңесі жаңа екі тұлғамен толықты. Атап айтқанда, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалдыұлы мен банкир Вячеслав Ким AllurGroup компаниясының тәуелсіз директорлары болып тағайындалып отыр. Бұл туралы «AllurGroup» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

27 мамыр күні өткен Директорлар кеңесінің отырысында осындай шешім қабылданыпты. Ал, Кеңестің төрағасы ретінде Андрей Лавреньтев өзгеріссіз қалдырылған.

AllurGroup компаниясы Директорлар кеңесінің жаңа құрамы мынадай:

1. Цхай Юрий Андреевич – акционер
2. Лавреньтев Андрей Сергеевич – акционер
3. Ким Дин Викторович – акционер Ю.А.Цхайдың өкілі
4. Оңаев Дәурен Арманұлы – «Қазақстан Даму банкі» АҚ және «Baiterek Venture Fund» АҚ акционерлерінің өкілі
5. Абрамов Игорь – тәуелсіз директор
6. Қайрат Сатыбалдыұлы – тәуелсіз директоры
7. Ким Вячеслав Константинович – тәуелсіз директор

Айта кету керек, ағымдағы жылдың наурыз айында Қайрат Сатыбалдыға тиесілі Alatau Invest Capital компаниясы мен AllurGroup компаниясы өзара меморандумға отырып, шетел инвесторларын бірге тартуға келісім жасасқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары