$ 498.34  519.72  4.85

Ресейде дәрігер ер адамды «жүкті» деп танып, гинекологқа жолдама берген

Жігіттің сөзіне сенсек, оған Уфа қаласындағы No21 ауруханада жүктілік диагнозы қойылып, гинекологқа қаралу кеңесі берілген.
Фото: lenta.ua
Фото: lenta.ua

Башқұртстанның астанасы Уфа қаласында ер адам оқыс жағдайға тап болды. Дәрігерлер оған "жүкті" деген диагноз қойған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы lenta.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы "жүкті" жігіт Салауат Асхатовтың өзі әлеуметтік желіде жария еткен.

Жігіттің сөзіне сенсек, оған Уфа қаласындағы No21 ауруханада жүктілік диагнозы қойылып, гинекологқа қаралу кеңесі берілген. Ер адам бұл диагнозды өзінің анамнезінде кездейсоқ анықтаған екен.

"Мен жүктімін, сонымен қатар маған гинекологтың кеңесі қажет екен. Мұны қалай атау керек, ұқыпсыздық, немқұрайлылық?" - деп ашуланды Асхатов.

Ол Башқұртстанның денсаулық сақтау министрлігіне оны жүкті деп таныған дәрігерлердің жұмысына назар аударуды сұрап, шағым түсірді.

Мекеме техникалық қате болғанын алға тартыпты. Олар пациенттің ауру тарихы туралы суреті тексеруден өтпей жатып және аурухана басшысының қолынсыз интернетте жарияланғанына баса назар аударды.

Аурухана басшылығы қызметтік тергеу жүргізіп, ер адамға осындай диагноз қоюға қатысқандардың барлығын анықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары