Рим папасы Франциск гомосексуалдарды кемсітпеу керек, керісінше қоғамға енгізу керек екенін айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Бразилияға бір апталық сапарының соңында ұшақ бортында журналистермен сөйлескен Рим папасы Католик шіркеуінің ұстанымын растады, ол гомосексуалдық бағдар емес, бір жыныстық махаббат әрекеттерін күнә деп санайды.
"Егер адам гей болса және жақсы ерік-жігерге ие болса және Құдайға ұмтылса, мен оны кінәлайтындай кіммін?"- деді Франциск.
Ол сондай-ақ, әйелдерге шіркеуде маңызды рөл берілу керектігін айтты, бірақ олар діни қызметкерлер бола алмайтындығын баса айтты.
Однако понтифик осудил так называемое "гей-лобби".
Понтифик гей-лобби ұғымын сынады.
"Мұндай бағытты ұстанатын адамдар бар. Біздің ауыз бірлігіміз мықты болуы керек. Мәселе мынада, гейлер өздерінің қызығушылықтарын қолдайды, ашкөз адамдар, саясаткерлер, масондар және басқалар. Бұл мәселе әлде қайда маңызды", - дейді ол.