$ 443.44  480.51  4.88

«Наразылық нота жолдау мағынасыз»: Сыртқы істер министрлігі тағы да Боратқа шара қолданбайтынын мәлімдеді

Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа салынуда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ.

Сыртқы істер министрлігі «Борат-2» фильмінің шығуына және рәміздерімізді мазақ еткен шараға байланысты Қазақстан азаматтарының өтініштеріне түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы СІМ сілтеме жасап.

"Борат-2 фильмі - коммерциялық жоба. Фильм авторлары ҚР билігінің ресми наразылығын арандатып, өз фильміне жақсы жарнама жасамақ. Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа салынуда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ.

Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді.

Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар.

Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы", -делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары