25.10.2020, 03:00

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 42 миллионнан асты

Фото: reuters.com
Коронавирустан қайтыс болғандар саны 1,1 миллионға жетті. 28,6 млн адам жазылып шықты.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 42,3 миллионнан асты,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy Джонс Хопкинс университетінің деректеріне сілтеме жасап.

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 1,1 миллионға жетті. 28,6 млн адам жазылып шықты.

Коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша АҚШ (8,5 млн), Үндістан (7,8 млн), Бразилия (5,3 млн) көш бастап тұр. Алғашқы ондықта бұлардан бөлек Ресей (1,4 млн), Аргентина (1 млн), Франция (1 млн), Испания (1 млн), Колумбия (998 мың), Мексика (880 мың), Перу (879 мың) бар.