Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан үлкен сахна үшін түсіріліп, прокатқа шыққалы тұрған «Борат-2» фильмі үшін күйініп, билік басындағыларға үндеу жасады деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Үндеу орыс тілінде.
«Өзімізге ғана емес, өзгелерге, әсіресе алыс-жақын елдегі дипломатиялық инстанцияларға жетімді болу үшін БҰҰ-дағы алты тілдің бірі – орыс тілінде жасадым. Айналайын халқым, түсіністікпен қараңыздар. Еліміздің абыройы, халқымыздың намысы тапталып жатыр. Тәуелсіздігіміздің символы іспетті көк байрағымызды тексіздерге қорлатып отыра алмаймыз. Бұл үндеуді қолдауларыңызды сұраймын!»,– деп жазды Бекболат Тілеухан.
Бекболат Тілеухан үндеуінде бұл бассыздыққа бей-жай қарауға болмайтынын айтты.