25.10.2020, 14:53

Кәрім Мәсімов Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады

Фото: ашық дереккөз
Жеңіске жеткен Нурмагомедов эмоцияға бой алдырып, сегізбұрышта тұрып көзіне жас алды.

Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының президенті Кәрім Мәсімов Хабиб Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады. 

Нурмагомедов пен Гэтжидің кездесуі 25 қазанға қараған түні Абу-Дабидегі UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегі болды. Кездесу екінші раундта Хабибтің жеңісімен аяқталды.

Жеңіске жеткен Нурмагомедов эмоцияға бой алдырып, сегізбұрышта тұрып көзіне жас алды. Ол өзінің 29-шы жеңісті жекпе-жегін әкесіне арнайтынын айтып, кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялады.

Айта кетейік, осы турнир аясында қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, бразилиялық Алекс Оливейраны мерзімінен бұрын жеңді. Бұл оның кәсіпқой спорттағы 13-ші жеңісі болды.