25.10.2020, 16:01

Шет елден Қазақстанға ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус расталды

Фото: ашық дереккөз
Барлығы 1483 жолаушының 255-інде ПТР-тест анықтамасы болған жоқ.

6 – 25 қазан аралығында халықаралық әуе рейстерімен Қазақстанға келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

С.Байғабыловтың айтуынша, 25 қазан күні түнде елімізге 11 халықаралық авиарейс ұшып келген. Барлығы 1483 жолаушының 255-інде ПТР-тест анықтамасы болған жоқ.

11 авиарейс орындалды:

- төртеуі Нұр-Сұлтан қаласына, барлығы 434 жолаушы, оның 350-інде анықтама – бар, 84-інде – жоқ;

- алтауы Алматы қаласына, барлығы 939 жолаушы, оның 778-інде анықтама – бар, 161-інде – жоқ;

- біреуі Шымкент қаласына, 110 жолаушы, 100-інде анықтама – бар, 10-ында – жоқ.

«Анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтары ПТР-анализ тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы карантиндік стационарларға жатқызылды. Жолаушылар Түркия, БАӘ, Украина және Беларусьтен келген. Биылғы 6 қазаннан бастап ПТР анықтамасыз келген халықаралық рейстердің 34 жолаушысы Қазақстанға коронавирус алып келді.

Тегтер: коронавирус