$ 443.37  474.49  4.83

Ақтөбеде іздеуде болған соңғы лаңкес ұсталды

Ақтөбеде күштік құрылым өкілдері іздеуде жүрген соңғы лаңкес Арсен Таңатаровты қолға түсірді. Бұл туралы ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz.

"Ақтөбе облыстық лаңкестікпен күрес жедел штабының жүргізген іс-шаралары барысында іздеуде жүрген соңғы қылмыскерлердің Жаманқұлов-Пушкин көшелері қиылысындағы маңайда жасырынып жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті. Тексеру барысында бұл ақпараттың рас екені анықталды. Қолға алынған шаралар барысында Б.Қуанышбаев, А.Таңатаров және А.Ақпанбетов ұсталды. Қашпақ болған сәтте Ақпанбетовтің аяғына оқ тиіп, жарақат алды. Лаңкестерден 5 маусым күні "Паллада" дүкенінен тоналған 2 қару-жарақ тәркіленді", - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 5 маусымнан бері Ақтөбе облысында жүргізіліп жатқан антитеррорлық операциялар барысында 18 лаңкестің көзі жойылды. Ал, террорлық актілердің салдарынан 7 адам қаза тапқан, олардың үшеуі әскерилер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары