$ 446.49  475.38  4.79

Күйеу жігіт үйленер сәтте көңілі босап жылап қалды (ВИДЕО)

Үйлену тойларының бейнероликтерін әзірлеумен айналысатын De Rienzo Films агенттігі Vimeo видео-порталына қызықты роликтер жүктеуді әдетке айналдырған. 8 маусымда аталған агенттіктің каналында неке қию рәсімі кезінде көңілі босап, егіліп жылаған күйеу жігіт туралы бейнеролик жарық көрді.

Қалыңдығы есіктен төрге жетемін дегенше көз жасына ерік берген жігітті жанындағы достары да жұбата алмаған. Есесіне, оның сүйіктісі сезімге ерік бермей, өзін салқынқанды ұстады.

Айта кетейік, видеоролик жүктелгеннен кейін 2 күн ішінде оны 232 мың адам көріп үлгерген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео