Жаңалықтар 21.10.2020 сағат 13:30

«Абай әлемі» теле-спектаклі көрермендерді қуантты

Театр – мәдениеттің, рухани азықтың ошағы. Қойылымдарды тамашалай отырып жан-дүниең демалады.
«Абай әлемі» теле-спектаклі көрермендерді қуантты
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қызылордадағы Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры көрермендерін қызықты қойылымдарымен қуантуда.

Дегенмен, карантиндік шектеулерге байланысты бүгінде спектакльдерді 50 көрермен ғана тамашалай алады. Осыған орай, Сыр театрының өнерпаздары көпшіліктің назарына теле-спектакльдер ұсынуда. 

Мәселен, қазанның 17-сі күні көрермендерге арнап «Абай әлемі» атты қойылым көрсетілді. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай түсірілген теле-спектакль «Сыр шаңырағы» YouTube арнасы және Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында көрсетілді. 

«Театр – мәдениеттің, рухани азықтың ошағы. Қойылымдарды тамашалай отырып жан-дүниең демалады. Мен театрға жиі баратын көрермендердің қатарынанмын. Алайда, облыстық драма театрының жаңа маусымындағы спектакльдердің билеттерін алуға үлгермей қалып жүрмін. Өйткені, қазіргі санитарлық ахуалға байланысты онда көп адамның кіруіне рұқсат берілмейді. Ал, желілер арқылы көрсетілген теле-спектакльді көріп қатты қуандым. Әрине, әртістердің сахнада ойнағанын, театрдың атмосферасын сезіну мүлдем басқа. Дегенмен, экран арқылы да рухани әлемімізді байытатын құнды дүниелерді көруге болатынын түсіндім. Көрерменін құрметтеген әрбір өнерпазға алғысым шексіз», - деді қала тұрғыны Гүлнар Жүсіпқызы. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар