$ 443.35  475.54  4.82

Әл-Фараби – 1150: Кітапханашылар байқауының жеңімпаздары анықталды

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, байқауға белсене атсалысқан қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қызылордада Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен «Жыл кітабын бірге оқимыз!» байқауы қорытындыланды.

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясын негізге ала отырып, аймақ кітапханашылары арасында өткізілген сайыстың мақсаты – мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау. Бұл байқауға қатысушыларға Шығыстың ойшылы, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің ғибратты ғұмырымен, ғылымға сіңірген еңбегімен байланысты жазылған Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романын оқу ұсынылған болатын. 

Байқауда бақ сынаған қалалық, ауылдық және аудандық кітапханашылар шығарма желісін оқырманға қызықты етіп жеткізудің тәсілдерін көрсетіп, өздері дайындаған бейнероликтерді көпшілік назарына ұсынды. 

Байқау қорытындысы бойынша  І орынға Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №5 кенттік кітапхананың кітапханашысы Айнұр Абилтаева ие болды.

Ал, ІІ орынды Арал аудандық орталық кітапханасының қызметкері Гүлнұр Шалманова иеленді.  ІІІ орын Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев ауылдық кітапханасының маманы Гүлнар Қыпшақбаеваға берілді.  

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, байқауға белсене атсалысқан қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.  

Осы орайда шараны ұйымдастыруға «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалындағы мамандардың демеушілік жасағандығын айта кету керек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары