$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде Ұлттық тауар өткізу жүйесі бойынша 24 нысан салу жоспарланып отыр

Министрдің айтуынша, Үкімет отырысында мақұлданған жоба қазіргі уақытта еліміздің бірнеше өңірлерінде жүзеге асырылып жатыр.

Елімізде Ұлттық тауар өткізу жүйесі бойынша 24 нысан салу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ өткенде брифингте мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Үкімет отырысында мақұлданған жоба қазіргі уақытта еліміздің бірнеше өңірлерінде жүзеге асырылып жатыр.

«Бұл әлі толық тізім емес. Қажет болса бұл тізімді ары қарай да көбейтуге болады. Ең алдымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына басымдылық беріліп отыр. Қазіргі уақытта Павлодар, Түркістан, Алматы облыстары және Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында мемлекеттік-жекеменшік талаптарға сай жеті объект салынып жатыр. Біздің сараптама бойынша тауарды қоймаларда сақтап қалудың нәтижесінде бұрынғы шығындар тауар өндірушіге  инвестициялық капитал ретінде келіп түсетін болады. Сондай-ақ, тауардың негізгі бағасының үстіне қосылатын құнды көріп отыратын боламыз. Өйткені қазір ол көлеңкелі экономиканың салдарынан бізге белгісіз болып отыр. Жалпы кейбір тауарлардың соңғы бағасын 45 пайызға дейін төмендетуді көздеп отырмыз» - деді Бақыт Сұлтанов. 

Сонымен қатар, Сауда және интеграция министрі ЕЭО арасындағы сауда мәселесіне де тоқталып өтті. Сұлтановтың айтуынша әлемдік дағдарыс одақ мүшелерінің сауда-саттық келіссөздеріне де кері әсерін тигізбей қоймады.

«Сегіз айдың ішінде ЕЭО арасындағы сауда-саттық 12 пайызға төмендеп, 12 млрд долларды құрады. Қазақстанның ЕЭО елдеріне экспорты 18 пайызға, ал импорт 9 пайызға азайды. Жалпы ЕЭО елдері арасындағы әріптестерімізбен өзара сауда-саттықты дамыту мәселелерін талқылап жатырмыз» - деді министр Сұлтанов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары