$ 494.87  520.65  4.91

«Алтын дауыс» байқауы Абайдың 175 жылдығына арналды

Байқауға атсалысқан ұстаздар да марапатталды.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Алтын дауыс» байқауы өтті. 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде 1 курс студенттері арасында ұйымдастырылып келе жатқан өнер додасы биыл хакім Абайдың 175 жылдығына арналды. Байқауды өткізуге университеттің дәстүрлі өнер институты мен жастар саясаты және тәрбие жұмысы бөлімінің мамандары ұйытқы болды.

Бұл байқауға қатысушылар алғашқы кезеңде халық әндерін, ретро, заманауи және еркін стильдегі әндерді шырқады. Ал, екінші кезеңде өнерлі жастар ұлы Абайдың әндерін орындады. Байқау қорытындысы бойынша І орынды өнерімен ерекшеленген Іңкәр Тілектес жеңіп алды. ІІ орын Әбдіраш Нартай есімді өренге берілсе, ІІІ орынға Данагүл Жасағанберген ие болды. Сондай-ақ, «Көрермен көзайымы» номинациясына Карл Нұрай лайық деп танылды.

Байқауға атсалысқан ұстаздар да марапатталды. Өнер сайысының І орын иегері Іңкәр Тілектестің жетекшісі, аға оқытушы Гүлмира Төленқызы «Үздік тәлімгер» номинациясын иеленді. Сонымен бірге, академиялық доцент Шолпан Бимбетова және академиялық доцент Салтанат Аққұлова мен аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Мақпал Шакироваға университет ректоры Бейбіткүл Кәрімованың арнайы алғыс хаты табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары