26.10.2020, 18:00

Алматы кинотеатрларына жұмыс істеуге рұқсат берілді

Фото: rbc.ru
Келушілердің саны бір сеанста 50 адамнан аспауы керек.

Алматы кинотеатрларына жұмыс істеуге рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

«Бүгін біз кинотеатрларға жұмыс істеуге рұқсат бердік. Алайда, залдың 30 пайызы ғана толуы тиіс. Келушілердің саны бір сеанста 50 адамнан аспауы керек. Нысандарда тепловизорлар, санитайзерлер болғаны шарт. Әлеуметтік қашықтық шарттары сақталып, ҚР Бас санитар дәрігерінің №58 қаулысының талаптары орындалуы тиіс», - деді Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, бұған дейін Алматының бас санитары неліктен кинотеатрлар мен сауда және ойын-сауық орталықтарына жұмыс істеуге рұқсат берілгенін түсіндірген болатын.