$ 448.15  483.46  4.86

27 қазанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

27 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Елдің тек батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с артады. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 30 м/с және одан аса күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с екпіндегі желдің күші күндіз 23-28 м/с артады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болжанады. Түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Павлодар облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел түнде басым бөлігінде 15-20, кей жерінде 23-28 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз желдің екпіні 25 м/с артады.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерінде тұман болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары