27.10.2020, 20:47

Соңғы бір айдың өзінде шетелден келген 39 жолаушыдан коронавирус анықталған

фото: inform.kz
Қаулыға сәйкес шетел азаматтары бортқа ПТР-тестсіз кіргізілмейді.

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Қазақстанда 1 қазаннан бері шетелден келген 39 адамнан коронавирус анықталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"1 қазаннан бастап 7540 жолаушы талдау жасау үшін екі күндік карантинге жатқызылды. Оның ішінде 39 адамның тесті оң нәтиже көрсетті", - деді Байғабылов ОКҚ онлай-брифингінде.  

Ол жолаушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкен, Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Қарағанды қалаларына карантинге жатқызылатынын айтты. 

"Депортацияланған азаматтар келер болсақ, 6 қазаннан бастап қаулыға сәйкес шетел азаматтары бортқа ПТР-тестсіз кіргізілмейді. Тестінің мерзімі өтіп кеткен 31 азамат депортацияланды. Оның ішінде, Ресей, Украина, Беларусь, Ұлыбритания, Түркия және Германия елінің азаматтары бар", - деді Байғабылов.