27.10.2020, 22:20

Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

фото: kaztag.kz
Бұл облыстарда жел соғып, көктайғақ болады.

Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.

28 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

28 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.