$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда әйелдерге пандемия кезінде жүкті болмауға кеңес берілді

Қазақстанда қазір бес мыңға жуық жүкті әйел коронавирус жұқтырған.

Дәрігерлер қазақстандық әйелдерге коронавирус пандемиясы аяқталғанға дейін жүкті болмауға кеңес берді. Бұл пандемия кезінде ана өлімі төрт есе көбеюімен байланысты болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Елімізде тоғыз айда 136 жүкті әйел қайтыс болды (өткен жылдың осындай кезеңінде бұл сан жүзге кем еді). Себеп - пандемия кезінде уақтылы көмек көрсетпеу.

Сарапшылар коронавирустың екінші толқыны болса, жағдай қайталануы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Сондықтан дәрігерлер қазір қатені түзеп жатыр: коронавирус жұқтырған жүкті әйелдерді емдеу хаттамасын әзірлеуде. Қазақстанда қазір бес мыңға жуық жүкті әйел коронавирус жұқтырған.

Мамандардың айтуынша, коронавирус ер адамдардың да денсаулығына аса қауіп төндірген. 

"Бағдарламада болған және коронавирусты жеңіл өткерген ер адамдардың алғашқы айларда шәует жасушасы болмағанын анықтадық. Бала күтіп жүрген жастар әлеуметтік жағынан белсенді болса, бір бөлмеге қамалып отыра алмайды. Сондықтан күте тұрған дұрыс деп ойлаймын", - деді Қазақстандағы репродуктив медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.

Дәрігерлер ер адамдардың репродуктив функциясы екі-үш айдан кейін қалпына келетінін айтты. Енді мамандар әлі дүниеге келмеген баланың денсаулығына COVID-19 қалай әсер ететінін анықтайды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары