$ 494.87  520.65  4.91

«Узархив» агенттігі алғаш рет Әмір Темірдің қабірін ашқан сәттегі суреттерін жариялады

Аңыз бойынша, егер Темірланның қабірін ашса, соғыс басталады деген болжам болған. Шынында да, 1941 жылы қабір ашылғаннан кейін Ұлы Отан соғысы басталды.
Фото: "Узархив" агенттігі "
Фото: "Узархив" агенттігі "

"Узархив" агенттігі алғаш рет Самарқандтағы Әмір Темір кесенесінде атақты Әмір Темірдің қабірін ашқан сәттің кадрларын ұсынды.

Қазіргі уақытта суреттердің барлығы Самарқанд облыстық мемлекеттік мұрағатында сақтаулы тұр деп жазады nur.kz Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

Әмір Темір қабірін ашуды 1941 жылы экспедиция төрағасы Т. Н.Кори-Ниязи мен антрополог М. М. Герасимов басқарды", - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, 1941 жылы маусымда КСРО үкіметі Әмір Темір мен оның туыстарының қабірін ашу туралы шешім қабылдады.

Аңыз бойынша, егер Темірланның қабірін ашса, соғыс басталады деген болжам болған. Шынында да, 1941 жылы қабір ашылғаннан кейін Ұлы Отан соғысы басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары