Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында биылғы жылдың желтоқсан айына жоспарланған Реформа жөніндегі Жоғары Кеңестің екінші отырысына дайындық барысы және Кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы: "Бейне байланыс форматында өткен жиында кеңесші, Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабартимен Қазақстанның экономикалық дамуын ілгерілету, елімізге инвестиция тарту және Кеңестің қазанда өтетін бірінші отырысына дайындық мәселелерін талқыладық", - деп Twitter-дегі парақшасында жазған болатын. Бұл жайлы хабарлаған едік.