$ 446.49  475.38  4.79

Шымкентте бетіне оқ тиген жігіт ауыр халде жатыр

Шымкент ауруханаларының біріне бетіне оқ тиіп, өте ауыр жараланған жігіт ағасы түсті. Жаңаталап шағынауданында тұратын 32 жастағы ер азаматтың бетінің жартысын оқ жұлып әкеткен деп хабарлады TVK телеарнасы.

Науқастың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер бірнеше сағат бойы операция жасаған. Қазір ол аса ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Оның өміріне қатысты дәрігерлер нақты болжам жасай алмауда.

Телеарнаның хабарлауынша, оқиғаның қалай болғандығы әлі белгісіз. Ер азамат өзіне қол жұмсауы немесе оны біреулердің атып кетуі мүмкін. Жәбірленушінің туыстары болса оқиға болар алдында ер азамат жұмыстағы басшысымен сөзге келіп қалғанын айтып отыр. ІСті полиция тексеруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары