$ 444.22  476.38  4.82

Ақтөбеде лаңкестік жасамақ болғандар саны әуел баста 45 адам болған

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, Ақтөбедегі лаңкестікті әу баста 45 адам жоспарлаған екен. Бұл туралы ол бүгін журналистермен болған кездесуде айтты.

"Олардың саны алғашқыда 45 адам болған, бұл анықталған ақпарат. Бірақ, олар жиһад жариялап, пәтерден шығар кезде 19 адам әуелдегі ойынан айнып, үйде қалып қойған. Біз қазір олардың кім екенін анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ал, пәтерден шыққан 29 адамның үшеуі жарты жолдан кері қайтса, тағы біреуі қару-жарақ сататын дүкен жанына келгенде жамағаттан бөлініп қалған", - деді Қасымов.

Естеріңізге салайық, Ақтөбедегі қару-жарақ сататын екі дүкенге лаңкестер 5 маусым күні шабуыл жасаған болатын. Бірнеше адамды өлтіріп, суық қаруға ие болған олар артынша әскери бөлімде лаң салған. Салдарынан қайтыс болғандар саны 7 адамды құрады. Сондай-ақ, 18 содырдың көзі жойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары