$ 448.89  477.93  4.76

Шығыс Қазақстанда қатаң карантин жарияланатын болды

1 қарашадан бастап ШҚО аумағына кіруге және шығуға тыйым салынады.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен аумағынан азаматтардың кіруіне және шығуына тыйым салынады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің кезекті қаулысы шықты, онда санитария бекеттері мен жүріп-тұруға шектеулер енгізілетіні жазылған.

Атап айтқанда, Өскемен қаласының, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха, Үржар аудандарының әкімдері Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына Алматы (1 бекет), Қарағанды (1 бекет), Павлодар (2 бекет) облыстары тарапынан кіруді/шығуды бақылау үшін 13 санитария бекетінің, "Ауыл", "Уба" пункттерінің (Шемонаиха және Бородулиха аудандарындағы бір-бір бекеттен) және Өскемен қаласы бойынша 7 бекеттің жұмысын қамтамасыз етуі қажет.

"Осы қаулыда көрсетілген адамдардан басқа, азаматтардың облыс аумағына және Өскемен аумағына кіруіне/шығуына тыйым салынсын. Бұл ретте облыс орталығында болуды қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан/қаладан екінші ауданға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат етілсін", - делінген қаулыда.

Халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының, медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдардың, транзиттік жолаушылар мен жүктердің автотасымалдаушыларының және кейбір басқа санаттардың қызметкерлеріне санитария бекеттері арқылы кедергісіз кіруге және шығуға (жол парақтарын, жұмысқа нарядтарды, тапсырма-жоспарларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін көрсеткен кезде) рұқсат етіледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Шығыс Қазақстан облысының аумағында блок-бекеттер орнатылатыны хабарланған.

Сондай-ақ, елді мекендерде жүріп-тұру және үйден немесе пәтерден кез келген уақытта шыққан кезде бетперде режимін міндетті түрде сақтау, ал қоғамдық көлікте - кемінде 2 метр қашықтық (бір отбасы мүшелерін қоспағанда) енгізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары