$ 447.4  477.55  4.76

Екібастұзда инкассатор көлігі өртенді

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, 29 қазанда сағат 18:08-де Екібастұздың өртке қарсы қызмет пультіне Әуезов көшесінде көлік өртеніп жатқаны туралы қоңырау түскен.

Екібастұзда ақшасы бар инкассатор көлігі өртенді,  деп хабарлайды Tengrinews.kz

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, 29 қазанда сағат 18:08-де Екібастұздың өртке қарсы қызмет пультіне Әуезов көшесінде көлік өртеніп жатқаны туралы қоңырау түскен.

"Өртсөндірушілер бес минутта жетті, сол уақытта екінші деңгейдегі банктердің бірінің инкассатор автомобилінің салоны мен мотор бөлігі өртеніп жатқаны анықталды. Өрт ауданы төрт шаршы метр, ол 18.24-те сөндірілді", - деді ресми өкіл.

Автокөліктегі ақшаға зиян тимегені хабарланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының тұйықталуы. Оны сөндіруге Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 6 адам, 1 өрт сөндіру техникасы жұмылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары