$ 447.4  477.55  4.76

Желіде Елжан Біртановтың ұсталғаны жайлы ақпарат пайда болды

Ол қызметінен кетер алдында коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.
фото: forbes.kz
фото: forbes.kz

Желіде Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақпарат Telegram-дағы бірнеше арнада анықтамалық құжат түрінде жарияланды. Кейінірек бірқатар БАҚ ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, бұрынғы денсаулық сақтау министрінің ұсталғанын мәлімдеді.

 Қазіргі уақытта экс-министрдің ұсталғаны туралы ақпарат расталған жоқ, бірақ жоққа да шығарылмады.

Еске салайық, Елжан Біртанов биыл 25 қаңтардан 25 маусымға дейін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі болды. Ол қызметінен кетер алдында коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. 

 Біртанов 2015 жылдың 12 қарашасынан бері ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып қызмет атқарған еді. Бұл қызметіне дейін ол "Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығы" ЖШС Басқарма басшысы қызметін атқарған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары