$ 494.87  520.65  4.91

Елбасы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Жарақаттанғандардың саны 800 адамға жетіп отыр.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы Түркияның Измир провинциясында жер сілкінісі салдарынан тұрғындардың зардап шегіп, қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

«Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні Түркияның батысында 6,6 балл қуатымен жер сілкінді. Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі басқарманың (AFAD) ақпаратына сәйкес, жергілікті уақыт бойынша сағат 14.51-де тіркелген жер сілкінісінің ошағы Измир провинциясының Сеферхисар ауданында, Эгей теңізінің жағалауында орналасқан.

Қазіргі таңда 800-ге жуық адам жарақат алып, қаза тапқандардың саны 20 адамға жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары