$ 445.66  474.58  4.78

Астанада көлік ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Олар 20 қазаннан бері бес көлік ұрлады деген күдікке ілініп отыр.
фото: kolesa.kz
фото: kolesa.kz

Елордалық тәртіп сақшылары автокөлік ұрлығымен айналысатын қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жедел іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің ізіне түскен. Қылмыстық топтың «Хюндай Авант» маркалы автокөлігі Абылайхан даңғылы бойында ұсталды. Көлік есік блоктаған екі күдікті сыртқа шығудан бас тартқан. Қызметкерлер көлік терезесін сындырып, есікті ашуға мәжбүр болды.

39 және 42 жастағы екі күдікті елорда тұрғыны болып шықты. Олар 20 қазаннан бері бес көлік ұрлады деген күдікке ілініп отыр. Тек «Шарын» базарының жанында күдіктілер үш автокөлікті теуіп кеткен. 

29 қазан күні 39 жастағы күдікті сканерлік құрылғы арқылы «Ланд крузер» көлігінің есігін ашып алады. Сол кезде көлік салонында ер бала отырған. Күдікті баланың қолындағы ұялы телефонды тартып алып, ізін суытады. Артынан баланың анасы полицияға жүгінген. 

Қазіргі күні күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары