$ 494.87  520.65  4.91

Астанада хэллоуин тойлаған жастар жауапқа тартылды

Олардың ішінде кәмелетке толмаған 8 жасөспірім бар.

Нұр-Сұлтанда коттедж жалдап, хэллоуин тойламақ болған жастар жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жастар қазіргі шектеулерді ұмытып, мифтік кейіпкерлер стилінде грим жасап, көңіл көтерген. Көршілердің мазасын алғандықтан, түнде полицияға шағым түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барған. Тыныштықты бұзғаны үшін полицияға 26 адам жеткізілді. Олардың ішінде кәмелетке толмаған 8 жасөспірім бар.

Ювеналдық полицияның учаскелік инспекторлары кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйінде болмағаны үшін олардың заңды өкілдерін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартты. Балалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. 18 адамға қатысты учаскелік инспекторлар ҚР ӘҚБтК 437-бабы бойынша хаттама толтырып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Одан бөлек, коттеджді жалға берген адамға қатысты материал карантиндік шараларды бұзғаны үшін жауапқа тарту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді. Мобильді топ бір тәулік ішінде 344 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, 41 рет карантин режимі бұзылғанын анықтады. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тұрғындарға және ойын-сауық мекемелерінің иелеріне карантин режимі жалғасып жатқанын және бас санитарлық дәрігер қаулысының талаптарын сақтау керектігін ескертеді. Мекемелерге барғанда өзіңіге ғана емес, жақындарыңызға да ауру жұғу қаупі болатынын естерген жөн.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары