$ 494.87  520.65  4.91

Түркиядағы зілзала: қаза тапқандар саны 76 адамға жетті

Қирап қалған 8 ғимаратта құтқару-іздеу жұмысы жалғасып жатыр.
Фото: ren.tv
Фото: ren.tv

Измирдегі жер сілкінісінен қаза тапқан тұрғындардың саны 76 болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жайында Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлім етті.

Кеше сағат 17.20 кезіндегі соңғы ақпаратқа сенсек, ауруханаға зілзаладан зардап шеккен 940 адам жеткізілген. Оның ішінде 722 адам көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді. 28 науқас әлі ем алып жатыр.

Қирап қалған 8 ғимаратта құтқару-іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

Жер сілкінісінен кейін 947 афтершок болған, оның 43-інің магнитудасы 4 балдан асты.

Еске сала кетейік, жұма күні Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51 кезінде Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген. Зілзала ошағы - 16,5 шақырым тереңдікте.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары