Жаңалықтар 02.11.2020 сағат 10:40

Қазақстанда дизель отынын импорттауға салынған тыйым тағы ұзартылмақ

Дизель отынын импорттауға тыйым салуды келесі жылдың сәуіріне дейін ұзартуды жоспарлап отырмыз.
Қазақстанда дизель отынын импорттауға салынған тыйым тағы ұзартылмақ
фото: іnformburo.k
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанның энергетика министрлігі дизель отынының импортына тыйым салуды ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. 

"Жалпы алғанда, еліміз бен үкімет басшылығының арқасында пандемия кезінде мемлекеттік органдар қоймалардың толып кетуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдағанын атап өткім келеді. Осыған байланысты, біз зауыттарымыздың тоқтап қалуына жол бермедік және ішкі жанар-жағармай нарығында теңгерімді сақтап қалдық", - дейді министр.

Сапар барысында Нұрлан Ноғаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Энергетика министрлігінің жоспарлары туралы айтып берді.

"Біз қысқы және арктикалық отынды қоспағанда, дизель отынын импорттауға тыйым салуды келесі жылдың сәуіріне дейін ұзартуды жоспарлап отырмыз. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданбады, бірақ ішкі нарықты дизель отынымен толтыру үшін алғышарттар бар екенін атап өткім келеді", - деді Нұрлан Ноғаев.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар