$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Тәжікстан азаматтары үшін «жасыл дәліз» ұсынды

Қарағанды қаласындағы тәжік диаспорасының жетекшісі Шакарбек Норматов 30 қазанда арнайы автобус ұйымдастырылып, Тәжікстанның 12 азаматы өзбек-қазақ шекарасына жөнелтілгенін мәлімдеді.

Халықаралық миграция ұйымы мен Орталық Азиядағы үш елдің билігі әрбір айдың аяғында Қазақстандағы тәжікстандық азаматтарды "жасыл дәліз" арқылы еліне өткізіп тұруға келісімге келді, деп хабарлайды centralasian.org.

Миграция ұйымының өкілі мұндай шешім азаматтардың шекарада топталып, бөгеліп қалмас үшін қабылданғанын айтты. Оның сөзінше, бұдан былай тәжік мигранттары елшілік арқылы шекараға қашан бару керек жөнінде алдын ала мәлімет алып, еліне қайтуға мүмкіндік алады.

"Шекараға келген азаматтардың құжаттары тексерілгеннен кейін олар бірден автобустар арқылы еліне жөнелтіледі", - деді ұйымның өкілі.

Қарағанды қаласындағы тәжік диаспорасының жетекшісі Шакарбек Норматов 30 қазанда арнайы автобус ұйымдастырылып, Тәжікстанның 12 азаматы өзбек-қазақ шекарасына жөнелтілгенін мәлімдеді. Сонымен бірге Орал, Қостанай, Алматы және басқа қалалардан 100-ден астам тәжікстандық шекараға жеткізілген.

Өзбекстан мен Қазақстан шекараларын биыл наурызда коронавирус инфекциясына байланысты жапқан. Халықаралық автобус, пойыз және әуе қатынастары тоқтаған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары