$ 494.87  520.65  4.91

Елорда соты адам ағзасын заңсыз трансплантациялаған дәрігерлерді кінәсіз деп тапты

Алайда, Құттымұратов жүргізген ағзаларды ауыстырып салу операциясынан кейін пациент ВИЧ жұқтырған, яғни соңғысы өз міндеттерін тиісінше орындамаған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com


Нұр-сұлтан соты дәрігер Ғани Құттымұратов пен Абылай Донбайды органдарды заңсыз алу мен ауыстыруда кінәсіз деп таныды, деп хабарлайды Stan.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық сотының мәліметінше, Б.Тайсалованың 2017-2018 жылдары аралығында Қазақстандағы шетелдік компанияның мүдделерін білдіре отырып, қазіргі уақытта халықаралық іздеуде жүрген адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткені анықталды.

Б.Тайсалова оларға тірі адамдардың органдарына қатысты заңсыз мәмілелер жасауға көмектескен. Бұл ретте, донор мен реципиенттің туыстық байланыстары туралы жалған құжаттарды пайдаланып, нотариалды ресімделген келісім туралы өтеусіз мәлімдемелерді Қазақстанның медициналық мекемелеріне ұсынған. Солардың негізінде ағзаларды ауыстырып орналастыру жүргізілген.

Сондай-ақ трансплантацияны жүзеге асыратын дәрігерлер Г. Құттымұратов пен А.Донбай құжаттардың жалған екенін білмегені анықталды. Ағзаларды ауыстырып орналастыру бойынша барлық операциялар тиісті құжаттарды ресімдей отырып, ресми түрде жүргізілген. Операцияларға ақы төлеу медициналық мекеменің бухгалтериясы арқылы орын алған.

Осыған байланысты Құттымұратов пен Донбай ағзаларды заңсыз ауыстыруда кінәсіз деп танылды. Алайда, Құттымұратов жүргізген ағзаларды ауыстырып салу операциясынан кейін пациент ВИЧ жұқтырған, яғни соңғысы өз міндеттерін тиісінше орындамаған.

Тайсалова 6 жылға бас бостандығынан айырылды (жаза 6 жыл 8 айдан аспауы керек). Құттымұратов 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды (барынша ең жоғары жаза).

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Шымкент ауруханасының бас дәрігері адам ағзасын заңсыз трансплантациялау күдігімен ұсталғанын хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары