03.11.2020, 11:00

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 91-ге жетті

фото: 24.kz
200-ден астам адам ауруханада жатыр.

Түркияның Измир қаласында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 91-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бұған дейін табиғат апатынан 85 адам мерт болғанын хабарлаған едік.

Елдің төтенше жағдай және табиғат апаттары агенттігінің хабарлауынша, аймақта құтқару-іздестіру операциясы әлі де жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні Эгей теңізінде қуаты 7 балл болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Салдарынан Измирде 20-ға жуық көпқабатты үй қирап қалды.