Сыр жерінде жергілікті өнерпаздардың қатысуымен тұңғыш рет А. Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абай" опералық қойылымы сахналанды.
Әлемдік пандемия қызылордалықтар үшін Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыруға кедергі бола алмады. Сыр жерінде жергілікті өнерпаздардың қатысуымен тұңғыш рет А. Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абай" опералық қойылымы сахналанды.
Қойылымға 100-ге жуық адам-облыстық академиялық театрдың, облыстық филармонияның әртістері, сондай-ақ, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің аралас хоры қатысты.
Абай мұрасы-үздіксіз зерттеуді талап ететін және жас ұрпақты рухани бай тәрбиелеуде зор маңызы бар баға жетпес қазына.