03.11.2020, 16:40

Президент Венадағы терактіге қатысты пікір білдірді

Фото: ашық дереккөзі
Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын.

Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Венадағы террористік актіге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек", деп жазды Президент Твиттерде.

3 қарашада Венада бірнеше жерде қарулы шабуыл орын алды.