$ 494.87  520.65  4.91

Америкадағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері шықты

Таңғы сағат алтыда сайлау қорытындысы үшін маңызы зор делінетін Флорида мен Джорджияны қосқанда бірден жеті штатта учаскелер жабылды.
Фото: bbc.com
Фото: bbc.com

Алғашқы санақ нәтижелері бойынша Индиана мен Нью-Гэмпшир штаттарында республикашыл Дональд Трамп озып келеді, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Индианана бюллетендердің бір пайызы саналғаннан кейін ол 72% дауыс алды.

Нью-Гэмпширде дауыс санау енді басталды – Трампта 16, оның демократ-қарсыласы Джо Байденде — 10.

Басында қазіргі президент алға шыққан Кентуккиде дауыстардың алты пайызы саналғаннан кейін Байден озған, бірақ одан кейін басымдықты қайтадан Трамп алды.

Индианадағы сайлаушылар алқасында 11 дауыс бар (президенттікке үміткер жеңіске жету үшін 270 дауыс жинауы тиіс). Соңғы жарты ғасырда бұл штат 2008 жылды айтпағанда, республикашыл кандидаттарға дауыс беріп келген. 2016-шы жылы Трамп бұл штатта 56,47%, ал демократтардың кандидаты Хиллари Клинтон – 37,46% дауыс алған.

АҚШ-тың шығысындағы Индиана мен Кентуккидегі алғашқы учаскелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05.00-де жабылды.

Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат алтыда сайлау қорытындысы үшін маңызы зор делінетін Флорида мен Джорджияны қосқанда бірден жеті штатта учаскелер жабылды, сондай-ақ, дауыс беру Виргиния, Оңтүстік Каролина, Вермонт және Кентукки мен Индиананың қалған учаскелері жабылады. 6.30-да Огайо, Солтүстік Каролина және Батыс Виргиниядағы учаскелер жабылды. Сағат 7-де тағы 15 штат пен Колумбия округіндегі учаскелер жабылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары