Жаңалықтар 04.11.2020 сағат 12:00

ҚМДБ-ның төл телеарнасы ашылды

24 сағат хабар таратуға қауқарлы телеарна қажетті мамандармен толық қамтылған. Шара соңында ел ағалары игі тілегін білдіріп, жырдан шашу шашты.
ҚМДБ-ның төл телеарнасы ашылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен мүфтияттың төл телеарнасы іске қосылды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, діни басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Халық арна» деп аталған жаңа арнаның ашылуына Марат Тоқашбаев, Сайын Молдағалиұлы, Асылы Осман, Асылбек Боранбаев сынды ел ағалары мен өнер майталмандары қатысты.

«Діни басқарма жыл басынан бері негізінен қайырымдылық бағытта жұмыс істеп келеді. Дегенмен қазіргі ақпарат ғасырында жаңа технологияны игеріп, жаңалық берудің телевизиялық тәсілін өзімізден басқаруды ұйғардық. Осыған орай ҚМДБ жанынан республикалық «Халық арна» атты төл телеарнамызды ашқалы отырмыз. Қазіргі таңда арнаға қажетті контент жинақтау жұмыстары аяқталды. Діни бағыттағы бағдарламалар, сұхбаттар, сюжеттер мен бейнероликтердің басым бөлігі ҚМДБ-ның бас кеңсесінде түсіріледі. Мақсатымыз дәстүрлі Исламды кеңінен насихаттау. Аллаға шүкір, бұл үлкен іс болды. Діннің насихаты жолында табысты арна болсын», - деді шара барысында Наурызбай қажы Тағанұлы.

Таныстырылым шарасында ҚМДБ Төрағасы арнаның Бас директоры Нұржан Дарқұловты көпшілікке таныстырды. Ресми ашылудан соң қонақтар телестудия мен редакция бөлмесін аралады. 24 сағат хабар таратуға қауқарлы телеарна қажетті мамандармен толық қамтылған. Шара соңында ел ағалары игі тілегін білдіріп, жырдан шашу шашты.

Айта кетейік «Халық арна» «Отау тв» мен «Idtv» кабельдік желілері арқылы хабар таратады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар