Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментін құруды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифингте министр Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz
Оның айтуынша, департамент құрылымында адам саудасымен күрес басқармасы да ашылатын болады.
"Адам саудасына қатысты қылмыстың көбі трансұлттық қана емес ұйымдасқан сипатқа да ие. Соңғы тоғыз айда елде адам саудасына қатысты 107 қылмыс тіркелді. Оның 58-і қылмыстық сотқа жолданды. Адам саудасына қатысты қылмысты ашу тәжірибесін жетілдіріліп келеді. Сондықтан министрлік ішінен ұйымдасқан қылмыспен күрес, оның ішінде адам саудасына қатысты қылмыстармен айналысатын басқарама құрудың маңызы артып отыр", - деді Тұрғымбаев.
Сондай-ақ, ол Ішкі істер министрлігінің маңызды функцияларының бірі қылмыстық жазаны орындау болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, бірінші кезекте жазаны өтеу орындарының жағдайын жақсарту, қылмескерлердің құқықтарының сақталуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Жазаны өтеу орындарында олардың сот, прокуратура органдарына арыз, талаптарын жолдауға арналған жазалау орындарында 44 электрондық терминал орнатылды.
Тағы 70 терминал орнатылатын болады. Және пандемия жағдайында жазасын өтеушілерге жақындарымен бейне байланысқа шығу мүмкіндігі жасалды. Жазасын өтеушілердің 49 пайызы еңбекпен қамтылған.